"Бір жыл демалысы төленеді". Ер адам корпоратив кешінде күтпеген лотерея жеңіп алды

Қытайда ер адам корпоратив кешінде жұмыс орнынан бір жылдық ақылы демалыс жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Желіде қытайлық ер адамға 365 күндік демалыс сертификаты беріліп жатқан сәттің видеосы 270 миллионнан аса қаралым жинаған. Today Online басылымының мәліметінше, Шэньчжэньдегі компаниялардың бірінде корпоратив кешінде арнайы лотерея ойнатылды.

Видеода банкет залында ер адам отбасымен бірге сертификатты алып жатқаны бейнеленген. Алайда мамандығы бойынша кім екені, компанияның немен айналысатыны айтылмаған. Ал компанияның HR өкілі, Чен ханым, қытайлық БАҚ-қа бұл компанияның үш жылдық Covid-тен кейінгі алғашқы жиналысы екенін және олар қызметкерлерге стресті жоюға көмектесу үшін лотерея жоспарлағанын айтты.

Дәстүр бойынша олар бұған дейін демалыс күндерін ғана ойнатқан, бірақ бұл жолы компания басшысымен келісе отырып, ұтысты одан да ауқымды ету туралы шешім қабылдаған. Бас жүлде бір жылдық ақылы демалыс түріндегі жүлде деп бекітілген. 

"Бір ғана джекпот болды, мұндай нәтижені ешкім күтпеді. Бұл сәтті билетті біреу ұтып алады деп ойлаған жоқпыз. Басшы таңғалды", - деді Чен.

Әлеуметтік желілерде компанияның соншалық жомарт болатынына көпшілік сенбейді. Жұрт бұл сәуірдің әзілі ме деп күмәнданды. Ал басқалары жұмыс берушілерді осы компаниядан үлгі алуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!