- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір жыл бұрын...
Бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен жігіт табылды
Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол 2022 жылдың 21 қаңтарында түс ауа елордадағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жоғалған жігіттің әпкесі полицияға хабарласқан. Оны іздеуге Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу ісі қозғалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның болуы мүмкін жерлерін тексеріп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұхбат алды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Қостанайда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған елорда тұрғыны табылды.
Ол құмар ойында ұтылған ақшаға қарыз болып үйден кеткенін айтқан. Басылым мәліметінше, бұл жас жігіттің үйінен бірінші мәрте кетуі емес. Ол құмар ойынды бұрыннан ойнаған.
"Мен тергеушілер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Осы уақыт бойы полицейлер жиенімді іздеуді тоқтатпай, оны отбасына қайтарды", - деп бөлісті жігіттің ағасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова