Белгілі журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алып келген танымал әнші Айгүл Иманбаеваны сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның сөзінше, әнші бір жыл бойы тек шоппинг жасап, қыдырып жүрген.
"Болашақ" бағдарламасының 50 жастағы студенті Лондоннан оралды, ол бір жыл бойы "шоппинг жасап, күшті көңіл-күйде" жүрді. Бұл оның Instagram парақшасынан байқалады. Ағылшын арт-менеджменті туралы бірде-бір жазба жариялауға шамасы келмеді.
Ол Альбиондағы бір жылдық демалысы үшін кімге алғыс айтады? Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке.
Өйткені, ол Саясат Нұрбектің арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай-ақ, салық төлеушілердің ақшасы есебінен ағылшын тілінде оқуға кетті.
Дәл осындай бақытты билетті Саясат Нұрбек тағы бір музыкалық орындаушыға Димашқа сыйлаған болатын. Бірақ менің "табысты және өзін-өзі қамтамасыз ететін Димаш өз есебінен шетелге оқуға барып, сондай-ақ басқа дарынды түлектерге оқу ақысын төлеуге қарқарлы" деген шулы жазбамнан кейін ол "Болашақ" стипендиясынан бас тартатынын мәлімдеді. Мықты! Кейінірек ол кинорежиссер ретінде оқуға америкалық мектепке барды…", - деп жазған қоғам белсендісі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!