Бір жастағы балаға қандай ойыншық керек? Үйде ойыншықтарды немен алмастыруға болады? Баланың көңілін қалай аулау керек? Бұл туралы ibalaqai Instagram-парақшасында айтылды, - Massaget.kz тілшісі.
Сылдырмақ - баланың өзара үйлесімді қимыл-қозғалыс, көру, сезу және есту қабілеттерінің дамуы үшін аса маңызды ойыншық. Сылдырмақ таңдағанда оның көлемі баланың қолына дәл келуіне назар аударыңыз. Ойыншық көз тартатын, ал оның құрамдас бөліктері баланың ауыза түсіп кетпеуі үшін тиісінше бекітілген болуға тиіс.
Бір жасқа аяқ басқанда балаға міндетті түрде текшелер, пирамида, доптар керек. Балаға ойыншық ретінде тағы нені беруге болады? Әрине, тұрмыстық заттар! Мысалы, ойнау үшін мыналарды қолдануға болады:
• пластмасса шынылар, тәрелкелер және тағы басқа ыдыстар;
• кез келген пішінді ағаш қасықтар;
• кішкентай алюминий қазандар мен олардың қақпағы;
• бос пластмасса бөтелкелер;
• қақпағы бар пластмасса құтылар;
• өлшемі мен бет-бедері әртүрлі қағаз;
• түсі мен бет-бедері әртүрлі мата;
• қақпағы бар және жоқ шағын қораптар;
• жұқалтыр;
• кез келген "доптар" - теннис добынан бастап, алма, апельсин, жіп орамдарына дейін.
Айналасындағының барлығы бала үшін таңсық, ол сіз берген кез келген затты мәз-майрам болып зерттеуге кіріседі. Оның қолданыс мақсаты қандай болса да бәрібір, бала үшін бастысы - түсі, пішіні, қолмен ұстап көру сезімі.
Бұдан басқа балаға мынадай ойыншықтар пайдалы:
Аспалы ойыншық.
Баланың көңілін аулап, көру қабілетін дамыту үшін ойыншықты төсектің үстіне орнатқан жөн.
Бала назарын тізбектегі әр ойыншыққа аудару қажет, оның қалай айналатынын көрсету керек.
Бұрамалы ойыншық.
Оларды көп қоса бермеген жөн, әйтпесе баланы қызықтырмай, дыбысы тіпті ашуын келтіретін болады.
Жұмсақ ойыншық.
Сатып аларда міндетті түрде ойыншық сапасына назар аударыңыз. Себебі сапасы төмен бояғыштармен боялған ойыншықтар аллергия тудыруы мумкін, жуні баланың аузына кіріп кетуі мумкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!