Танымал актер, әзілкеш Қанат Әлжапбаров әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына әзілдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өміріндегі қиын кезеңді есіне алып, сөз соңында әзілдеп отырғанын жеткізді.
"100 пайыз бақытты болу мүмкін емес қой негізі. Есімнен кетпейтін жағдай бар. Бір жарым жылдай қатты жатып қалдым. Жүре алмадым, сөйлей алмадым. Қатты қиын болды. Ол кезде жанымда ағайын да, дос та болған жоқ. Сол кезде жанымда тек анам болды, күні-түні анам жүрді. Білесіз бе, мен тіпті өз еркіммен қолымды көтеріп, тамақ іше алмай қалдым. Қолым жыбырлайды, бірақ, тамақ жей алмаймын, тісім жоқ. Сонда анам 2 жылдай мені емізді. Бір жарым жасымда еңбектеп бастадым, 2 жасымды жүріп бастадым, 6 жасымда мектепке бардым. Міне, 40 жасқа келдім, сол оқиғаның болғанына 38 жыл өтіпті", - деп әзілдеді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз