- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір жағынан бұл...
"Бір жағынан бұл да саясат". Теолог өнерде хиджаб таққан қыз-келіншектердің көбеюіне қатысты пікір білдірді
"Жібек жолы" қауымдастығының өкілі, теолог Ашабай Медетов қоғамдағы хиджаб дауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Дәурен Дариябекке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теолог халық алдында жүрген шоу-бизнес өкілдерінің орамалға келуіне қатысты пікір білдірді.
"Келіншектердің хиджаб тағу мәселесіне келетін болсақ, бір жағынан бұл да саясат. Медианың қолданып жатқаны. Хиджаб деп әдейі халық түсінбейтін тілмен қолданады. Қазағымыз бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық деп үнемі айтатын еді. Ақ жаулық деп айтқан бабаларымыз. Хиджаб дегеніміз де, ақ жаулық дегеніміз де орамал. Хиджаб - арабша сөз. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтардың суреттерін қараңыз, басы ашық болған бірде-бір апамызды көрмейсіз. Бәрі - өтірік, бұрмалау", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан хиджабқа қатысты ойын білдірген болатын.
"Өз басым дәстүрлі қазақы исламды қолдаймын. Жұма күні - шелпек. Құран бейіттің басында. Қырқынан шығару және тұсау кесер. Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Кейінгі ұрпаққа жеткізетін тарихымыз бар. Санаулы онжылдықтар, тіпті жылдардан кейін қазақ қыздары қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Қалайтынымыз сол ма? Сондықтан бұл мәселені көтергім келіп отыр. Себебі блогерлерге хиджаб кию үшін қомақты ақша ұсынылғанын естідім. Бұл мені қорқытады", - деп жазған еді ол парақшасында.
Оның бұл мәлімдемесі қоғамда дау туғызды. Кейінірек Баян Мақсатқызы да оранған қыздар тақырыбына қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова