Танымал блогер Әлішер Қонысбаев Қайрат Нұртаспен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Кезінде бірге гастрольдік турға шығып, дуэт орындаған жұлдыздар бүгінде бір дастарханда отырмайды екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлішер Қонысбаев өнер иесімен не үшін араласпай кеткенін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты.
"Қайрат Нұртасқа ондай еліктеген жоқпын. Біраз уақыт турда жүрдік, бірге шетелге бардық. Нұрдәулеттің (NNN лақапатымен танымал блогер - еск.) туған күнінде таныстық. Қазір қатты сөйлеспейміз, қойдық. Көрген кезде араласамыз ғой, міндетті түрде. Бірақ бір дастарханда отырмаймыз. Оған жас айырмашылығымыз да септігін тигізді. Оның үстіне, әркімнің өз жұмысы бар", - деп түсіндірді блогер.
Айта кетейік, Әлішер Қонысбаев пен Қайрат Нұртас Baby атты туындыны шығарып, дуэт орындаған болатын. Одан кейін дуэт жазуға ұсыныс жасамаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!