Танымал блогер Айна Досқызы қоғамдағы даулы мәселеге қатысты пікір білдіріп, ерлер қауымына үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айна Досқызы алимент төлемейтін ер адамдармен қол алысып амандаспауға шақырды.
"Ажыраспа" жобасының аясында менің алимент жайлы үнемі шырылдап айтатын бір нәрсем бар еді. Құрметті еркектер қауымы! Өз баласына алимент төлемейтін еркекпен бір дастархан басында отырмаңдаршы, қол алып амандаспаңдаршы, дос ретінде қабылдамаңдаршы. Әйелдер "алмент төле" деп мың шырылдағаннан бір еркектің қол алмай жанынан өтіп кеткені алимент төлемейтін әкелерге әлдеқайда қатты әсер етеді!!!! Еркекті әйел емес, тек өзі сияқты еркек орта қабылдамағанда ғана ол ойланады", - дейді ол.
Блогердің сөзінше, болып жатқан қоғамдағы сұмдық жайттар тек әйелдерге қатысты трагедия емес. Әрбір ер адам әйелдердің мәселесін көтеріп, ашық айта білуі керек.
"Дәл сол сияқты қазіргі сұмдық зорлық туралы да әйелдер емес, еркектер айтса деймін! Әйелге қол көтреген еркекті еркектер сынап, амандаспай, қасына отырмағанда ғана бірдеңе өзгереді! Бұл постты оқып отырған еркектер "бұл менің ісім емес" деп отырған боларсыздар, бірақ 1 секундқа болсын сіздің қызыңыз ертер Бишембаевқа тұрмысқа шыққанын елестетіңізші. 1 мин болсын охранник Ұлжанды емес, сіздің қарындасаңызды зорлады деп ойланыңызшы. Полиция қызметкері басқа қызды емес, сіздің туған әпкеңізді зорлады дейік. Елестетіп көріңіз. Детально елестетіп көріңіз. Қалай екен? Сізге қатысы жоқ па? Бұл бәрімізге қатысы бар! Біз бір ауыздан кез келген зорлықты қылмыстық жауапкершілік деп қабылдауды талап етуіміз керек. Ештеңе істей алмасаңыз да, өз парақшаңыз арқылы сіз бұл жағдаймен келіспейтініңізді көрсетіңіз. Парақшаңызға репост жасап, салыңыз. Әйелдер онысыз да шырылдап жүр. Еркек болып, қоғам үшін жауапкершілік алсаңыз. Белсенділік танытсаңыз! Ертең сіздің қызыңыз, қарындасыңыз, әпкеңіз, анаңыз қауіпсіз ортада өмір сүрсін десеңіз, үндемей отыруға болмайды! Еркекті ерке тоқтата алады! Әйеліне қол көтерген досыңызбен араласпаңыз! Амандаспаңыз! Бір дастарханда отырмаңыз! Тек сонда ғана бірдеңе өзгереді", - деп жазды блогер.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін бұрынғы шенеунік қамауға алынғаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!