Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Құндыз бен Назгүлді арнайы құттықтап барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, жазба жариялады.
"Көктем мерекесі - айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін…
Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай…
Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздірге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!" - деп жазды журналист.
Еске салайық, бұған дейін "Құлдық зынданынан шыққанына 1 ай өтті". Қорада тұрып, мал баққан апалы-сіңілінің ауыр тағдыры хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 8 наурызға арналған қысқа құттықтаулар
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз