Түркиядағы жер сілкінісінен кейін кездескен әкесі мен қызының жантебірентерлік видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео TGRT HABER телеарнасының Instagram-парақшасында жарияланды.
"Жер сілкінісінен кейін әкесі мен қызының жантебірентерлік кездесуі", - делінген жазбада.
Телеарна мәліметінше, әкесі мен қызы жер сілкінісінен кейін Хатай облысындағы Антакия ауданында бір-бірін жоғалтып алған. Әкесі қызын көріп, қатты қуанып, құшағына басып, құтқарушылар мен билікке алғыс айтқан.
"Бір-бірін тапқанына Құдайға шүкір", "Көз жасымды тия алмадым", "Баламен сыналмайық, ата-анамыз аман болсын", "Барлық адам осылай бір-бірін тапқаннан көзіне жас алса екен деймін", - дейді Желі қоданушылары.
Еске салайық, 14 ақпанда Түркияда үйінді астында аман алған қыздың адам сенгісіз оқиғасын баяндаған болатынбыз.
Түркияның Газиантеп қаласында бір отбасының бес адамы - ата-анасы, ұлы және екі қызы үйінділерден құтқарылды. Аман қалған 28 жастағы фармацевт Гизем Озкан оқиға қалай болғанын айтып берді
Аман қалған қыз үйінділер астында екі тәуліктей жатқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!