Танымал блогер Айжан Байзақова 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай анасына тосын сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжан Байзақова анасына ұялы телефон сыйлады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Анашым!
Ұялы телефон бұл оның маған беретінімен салыстырғанда маңызсыз болып қалады. Ол маған өз уақыты, қамқорлығы, қолдауын арнайды.Ол өзін бір сәтке де ойламайды, таңертеңнен кешке дейін маған балаларға қарауға көмектеседі. Немерелерінен бір қадам алшақ кетпейді.
Дәл осы адам менің өзіме деген сенімділігімнің басты демеушісі.
Кейде, әрине, екеуміз бір-бірімізді түсінбеуіміз мүмкін, өйткені мен жаспын, ал ол қатал тәрбие көрген адам. Бірақ, мен оның мені қандай болсам да қабылдайтынын білемін", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Тіпті менсіз жоспар құрып жүр". Астанаға қоныс аударған Айжан Байзақова жаңа қаладағы өмірінің қиыншылықтарын бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 8 наурызға әріптестерге арналған құттықтау-тілектер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!