- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір болайықтың" қатысушылары:...
"Бір болайықтың" қатысушылары: Дәулет жас болды, қыдырды, Балназым күте білді
Жақында ғана тойы болған "Бір болайық" бағдарламасының қатысушылары Балназым мен Дәулеттің бағдарламадағы достары екі жастың үйленетініне сенбегендерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Анна Данченко тойға келген қонақтарға сұрақ қойып, Балназым мен Дәулеттің қарым-қатынасы туралы түрлі дерек жинады. Екі жастың достары Дәулет пен Балназым үйленеді деп күтпегенін жасырмады.
"Екеуі бір қосылып, бір айырылысып ұзақ жүрді ғой. Мен үміттендім, бірақ Дәулет жас болды, кішкене қыдырды, үйтті-бүйтті дегендей, Балназым жарады, соңына дейін махаббатына берік болып Дәулетті күте білді. Соңында міне, тойға келіп отырмыз. Негізі осы той екеуінің сабырлылығының нәтижесі деп ойлаймыз", - дейді достары.
Сондай-ақ олар Балназым мен Дәулеттің мінезі сәйкес келмегендіктен, екеуінен отбасы шықпайды деп ойлапты.
"Балназым өте тәрбиелі, салмақты қыз. Ал Дәулет сәл бұзықтау, тентек жігіт боп көрінетін. Екеуі бір-біріне сәйкес келмейді-ау деп ойлайтынмын. Бірақ, өкінішке қарай дейміз бе, қуанышқа орай дейміз бе, нәтижесі басқаша болды. Өздеріңіз көріп отырсыздар", - деп әзілдеді "Бір болайық" бағдарламасының қатысушылары Анна Данченкоға берген сұқбатында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева