- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір болайықтың" жүргізушісі:...
"Бір болайықтың" жүргізушісі: Баламның аутизмі бар екенін оқырманымнан білдім
"Бір болайық" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, блогер Камила Саян баласының ерекше диагнозы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бірінші баламның ерекше диагнозы бар. Қазір көбісі ол жайлы айтып бастапты ғой. Бұрын бәрі құпия сақтайтын. Баламның аутизмдік спектр бұзылулары бар. Екінші баламды босанғанда бірінші баламды ойладым. Мамасы жоқ бала құсап өмір сүріп жатыр, папасымен, апасымен дегендей. Балаға ана керек. Қазір үлкен балама қолым тимей жатыр. Жасы 4-тен асты, әлі сөйлемейді", - деп сырын айтты Камила Саян "Мамский әңгіме" полкастында.
Ол баласының диагнозы туралы оқырмандарының хатынан кейін ойға қалыпты.
"Маған көп жазады. Секең-секең етіп жүресің, балаңды емдемейсің бе деп. Алғашында "Балаңызды тексертіңіз" деп те оқырмандарым жаза бастады. Ұлым теледидарды басын бұрып, терісінен қарап көреді. Оқырмандарым "балаң аутист" деп жаза беретін. Бір оқырманым өте ауыр жазды. Интернеттен қарап, оқығанда шошыдым. Мұның ауру емес екенін кейін білдік қой. Бірақ басында қорқынышты болды. Бәрін байқап көрдік. Медицина, тәуіп, емшілер, массаж бәріне бардық. 2,5 жыл болды арпалысып келеміз. Еміне енді ғана жақындадық", - дейді жас ана.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина