- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір болайықтағы" Балназымның...
"Бір болайықтағы" Балназымның әкесі: Махаббатымды Мәскеуге дейін іздеп бардым, бірақ ауылдан таптым
Жақында ғана отбасын құрып, той жасаған "Бір болайық" бағдарламасының қатысушысы Балназымның ата-анасы қызының тойында ағынан жарылып, сырларымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балназымның тойына қонақ боп барған танымал журналист Анна Данченко Балназымның ата-анасынан сұқбат алған. Сұқбатта қыздың ата-анасы кезінде "Бір болайық" сияқты телебағдарлама болмаса да, жұбын іздеудің басқа жолдары болғанын айтқан.
"Күшті сезімдеміз, бүгін қызымыздың тойы болайын деп жатыр. Құдалармен кездесіп, танысқалы жатырмыз. Балназымның бағы ашылсын, бақытты болсын", - деді әуелі ата-анасы.
Журналист олардан Балназымның телебағдарламаға шығып, жеке өмірін халыққа көрсетуіне қалай рұқсат бергендері туралы сұрады.
"Өмір деген, заман деген әртүрлі ғой. Қызымыз белсенді қатысқым келеді деген соң ақылдасып, рұқсат бергенбіз. Оған да батылдық керек. Бойынан сондай батылдық тауып, өмірлік жарын кездестіргеніне қуаныштымыз. Мысалы 1988 жылдары жасым 27-ге келгенде өзім де үйленетін қыз іздедім. Бақытымды іздеп сонау Мәскеуге барсам да ауылымнан үш шақырым жерден таптым махаббатымды. Оған қуаныштымын әлі күнге дейін. Ол кісі міне осы Бақыт жеңгеңіз. Қазір үш баламыз бар. Біріншісі Айбар, үйленген, міне жанымыздағы Томирис деген қызы бар. Сосын Жігер деген баламыз бар. Кендеміз, кішкентайымыз Балназымды бүгін ұзатып жатырмыз", - деп ағынан жарылды Балназымның әкесі.
Отағасының сөзін қостаған анасы қызының жеке қасиеттеріне тоқталып өтті.
"Балназым кішкентай кезінен өте момын, салмақты болды. Өте адал, нәзік, адалдықты жақсы көреді, бірінші орынға қояды. Жолдастарына, туыстарына, махаббатына да берік деп айта аламын", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева