"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрмен қатысушыларға төленетін ақша қалай есептелетінін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әр қатысушы күніне 4 сағат эфирге уақыт бөлуі керек, эфир сыртында тағы 3-4 сағат уақытын бөлуі керек, тамақтануы бар, киінуі бар, жол жүруі бар, анауы бар, мынауы бар. Үйінен эфирге келіп, эфирден үйіне кетуді кем дегенде қамтамасыз ету парызымыз деп ойлаймын. Төленеді болғанда, бұл бір жалақы ретінде емес, мысалы, біз журналистік іс-сапарға шыққан кезде өзің жұмсаған ақшаңның есептерін жинап алып, бухгалтерияға өткізіп, соның қайтарымын алуға мүмкіндіктер болатын еді, кезінде ұлттық арнада жұмыс істеп жүрген кезде. Тура сол сияқты жүйе. Қазір Алматының өзінде бір жақтан екінші жаққа келудің өзі – 3 мың теңге, әрі қарай қайтадан кетуінің өзі – 3 мың теңге, кем дегенде сол жол ақысын біз өтейміз. Ал былай "Мынау сенің қатысушы болғаның үшін жалақы" деген сияқты дүниені төлемейміз және бұл "Ойбай алып, байып кететін" дүние емес", - деді ол НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында.
Ол сонымен бірге бағдарлама қатысушыларына міндетті түрде түскі ас берілетінін айтты.
"Студияға келген кезде өзіміз міндетті түрде тамақтандырамыз. Түскі асты беру біздің міндетіміз. Өйткені адам 8 сағат уақытын бізде жұмсайды. Ал былай "Міне, сенің жалақың" деп, ешқашан ақша төлеп көрген жоқпыз", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!