"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Камила Саян: Анамнан қорқатынмын

"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі, блогер Камила Саян анасымен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Анаммен жақын болған емеспіз. Анам өте қатал кісі. Барлығы ойлайды ол кісі жұмсақ деп, жоқ анам сіңлім екеумізді қатты ұстаған. Мен алғаш рет 5-сыныпта манты жасағанмын, ол кезде бар болғаны 10 жастамын. "Жаса" деп тапсырып кетеді сонда анам. Анам жұмыстан келгенде үй тап-таза болып тұруы керек. Анамнан қорқатынмын, сырымды ашпайтынмын. Анаммен арамыздағы жақындық мен тұрмысқа шыққан соң басталды", - деп ағынан жарылған Камила Саян "Мамский әңгіме" подкастына қонақ боп барып, Айнұр Ілиясованың сұрақтарына жауап берді. 

Сонымен қатар Камила Саян әңгіме кезінде ата-анасына үй, көлік әпергенін, 600 мың теңгеге туфли сатып алғанын айтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!