- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір білезіктің бағасы...
"Бір білезіктің бағасы - 22 миллион 250 мың теңге". Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұрады?
Жансая Махабаева есімді блогер, жеке кәсіпкер, тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Әдеттегідей киімнен бастайық. Мына комплект француздық Sandro бренінен.
Кардиган бағасы - 150 мың теңге.
Топ - 100 мың теңге.
Белдемше - 145 мың теңге.
Аяқ киімі - Bottega Veneta брендінен 425 мың теңге.Менің байқағаным, Динара Сәтжан әшекей-бұйымдарын өте сәнді, былайша айтқанда үйлестіріп тағады.
Мына сырға, алқа, тіпті жүзік Van Cleef брендінің Magic Alhambra топтамасынан.
Сырға - 3 миллион 800 мың теңге.
Алқа - 3 миллион 600 мың теңге.
Жүзік - 2 миллион 125 мың теңге тұрады.Bulgari брендінен менің ең сүйікті топтамам Serpenti-дан толық гауһартастармен апталған білезігі мен сақинасы бар екен.
Мына бір білезіктің бағасы - 22 миллион 250 мың теңге.
Ал сақинасы - 5 миллион 300 мың теңге тұрады.Енді Cartier брендіне көшейік. Мына өте әдемі Clash de Cartier топтамасынан білезігі мен сақинасы бар.
Білезігі - 5 миллион 500 теңге.
Жүзігі - 1 миллион 875 теңге тұрады.Сонымен барлығы 45 миллион 270 мың теңге шықты", - деді блогер.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Көңіл-күйді көтеру үшін не жеу керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә