- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір әйел қайтыс...
Бір әйел қайтыс болған: АИТВ жұқтырып, емделуден қашқан қарағандылық сотталды
АИТВ жұқтырып, емделуден қашқан қарағандылық сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта не анықталды?
2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.
Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Салдарынан ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.
Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Соттың шешімі
Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Ауырлатылған мән-жайлар – қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған – жәбірленушінің өлімі деп танылады.
Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина