- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұмбақ өлім
Бір айдан кейін өлі табылған: Алматы облысында жоғалған тұрғын туралы мәлімет белгілі болды
Жаркенттен Алматыға барар жолда жоғалып, бір айдан кейін өлі табылған ер адам туралы мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін 1969 жылы туған, Алматы облысы Қоянқұс ауылында тұратын Ерсын Қалиасқаровтың 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жетісу облысы Жаркент қаласынан Алматыға шығып, жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Жоғалған ер адамның туыстары оған іздеу жариялады. Еріктілер ақпараты бойынша ер адам 31 желтоқсанда өлі күйінде табылған.
Жетісу облысы полиция департаменті 55 жастағы жоғалған адамның денесі 2024 жылғы 30 желтоқсанда Жаркент қаласындағы зират маңынан көзге көрінетін дене жарақаттарынсыз табылғанын нақтылады.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан