- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Бір айдан астам уақыт полициядан жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды
Фото:
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының полициясы бір айдан астам уақыттан бері жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген айыппен Ақмола облысындағы демалыс базаларының бірінде ұсталды. Ол сол жерде бір айдан астам уақыт бойы жасырынған.
Тергеу барысында оның шығысқазақстандық азаматты "көлік сатамын" деп алдап, 350 мың теңгесін алғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауда отыр.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 45 қылмыскерді ұстады. Олардың 19-ы бұрын жасалған қылмыстар үшін іздеуде болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан