Бір айдан аса уақыт хабар-ошарсыз кеткен павлодарлық табылды

Павлодар облысында бір айдан аса уақыт хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 қаңтарда Ақсу қаласының полициясына Май ауданында тұратын бауырын іздеп жүргендер көмек сұрап жүгінген. Олардың айтуынша, ер адам жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен.

Полиция дереу жоғалған ауыл тұрғынын іздеген, оны табу үшін облыстың жеке құрамын жұмылдырған.

"Іздеу барысында 2 наурызда ер адам Май ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол сол жерде жұмысқа орналасқан. Жақындарымен байланысқа шықпау себебі - телефоны болмауы. Ер адам туыстарына тапсырылды", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.

ІІМ мәліметінше, жоғалған адамдарды іздеу кезінде ең маңызды фактор - полицияға уақытында жүгіну, жоғалу уақыты, орны және оған дейінгі себептер туралы толық ақпарат беру.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!