- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір айда төртінші...
Бір айда төртінші рет: Ақтөбеде Air Astana ұшағы зақымдалған
Ақтөбеде Air Astana ұшағы зақымдалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі, КС 866 рейсіне қатысты түсініктеме берді.
16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылған. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды.
"Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр", - делінген хабарамада.
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы салдарынан басқа рейстер де кешіге бастаған.
Еске салайық, бұл осымен болған төртінші жағдай. 7 тамызда Air Astana компаниялар тобы 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады. Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.
Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, басты мәселе - оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіріп, жазғы маусымның басынан бері Топтың Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтарын асқындырғанын хабарлайды.
"Air Astana Астана халықаралық әуежайдың рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін топ осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 13 тамызда Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалды. Air Astana 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы хабарлады. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.
"Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді. Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады", - делінген хабарламада.
Одан бөлек, 8 тамызда Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді. 8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина