- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір айда шекарада...
Бір айда шекарада қандай қылмыстар жасалғаны белгілі болды
Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
ҰҚК бір айда жасалған қылмыстық әрекеттер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, оның ішінде:
- 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- 48 – есірткі заттары;
- 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
- 27 діни әдебиет (492 дана);
- 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (107 000 литрден астам);
- 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта.
Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды:
- 7 дана жүзу құралдары
- 8,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 14 дана (50,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
- 311 дана (716 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
- 38 дана су тасбақасы.
Алды алынған залал сомасы - 19,4 млн теңге. Бұл фактілер бойынша материалдар құқықбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина