- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір айда 60...
Бір айда 60 мыңға жуық адам құмар ойыннан бас тартқан
Бір айда 60 мыңға жуық адам құмар ойыннан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-к сілтеме жасап.
Құмар ойыннан өз-өзін шектейтіндер көбейген. Небәрі бір айдың ішінде 60 мыңға жуық адам онлайн өтініш тастап, бәс тігуден өз бетінше бас тартқан. Яғни EGov-тағы сервисте өзін шектеген азамат лицензиясы бар ойын порталдарында, онлайн-казиноларда, ойынханаларда бәс тіге алмайды.
Бұған дейін азаматтар өтінішті тек жазбаша түрде ғана түсіретін. Бірақ одан аса бір нәтиже шықпағандай. Ойынқұмарлықтан офлайн форматта 3 жылда небәрі 5-ақ мың адам өз еркімен шектелген. Кейін Туризм және спорт министрлігі мұны eGov порталына енгізді. Яғни, кез келген лудоман өзін 6 айдан 12 айға дейінгі мерізмге бәс тігуден шектеуге ұялы телефоны арқылы өтініш тастай алатын болды. Осылайша, өңдеуге кететін уақыт азайып, букемекрлік кеңселерден өзін алып тастау процесі жеңілдетілді. Азғантай уақытта бұл өзегріс оң нәтижесін берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек