Тамызда Қазақстанда 166 547 көлік есепке қойылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір айда тіркелген көліктің жалпы санының 87,5 пайызы - жеңіл көліктер, 5,6 пайызы - жүк көліктері, 2,6 пайызы - тіркемелер, 0,8 пайызы - автобустар, 0,7 пайызы - мотоциклдер және 2,7 пайызы - өзге көліктер.
"1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің жалпы саны 6 088 700-ге жетті. Жалпы көлік паркінің құрылымында жеңіл көліктердің үлесі - 83,9 пайыз, жүк көліктерінің үлесі - 8,1 пайыз, тіркемелердің үлесі - 4,3 пайыз, автобустар мен шағын автобустардың үлесі - 1,5 пайыз, мотоциклдердің үлесі - 1,2 пайыз, өзге де көліктердің үлесі - 1 пайыз", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз