Ағымдағы жылдың наурыз айында ресми таныстырылған оңтүстіккореялық өнім нарықта белсенділік танытып келеді. Samsung компаниясы бір ай көлемінде Galaxy S6 смартфонының 10 миллион данасын сата алған. Бұл туралы Yohnap ақпараттық агенттігі хабарлады.
Жалпы статистикалық мәліметке сүйенсек, бұл нәтиже компания өкілдері үшін рекордтық көрсеткіш емес. Себебі өткен жылы Samsung алғашқы айда 11 миллион Galaxy S5 смартфонын сатып үлгерген болатын. Ал одан бұрын бұл нәтиже 10 миллион Galaxy S4 флагманымен шектелген. Сонымен қатар, өткен жылы бастапқыда тамаша көрсеткішпен сатыла бастаған Galaxy S5 смартфондары жыл соңына келіп, жалпы жоспардың 60%-ын ғана орындай алғаны белгілі. Тіпті оңтүстіккореялық корпорация үлкен шығынға батып, қысқартулар жүргізген болатын.
Демек, бұл нәтиже ешқандай жоғары көрсеткішке ие емес. Әйткенмен де, әзірге Galaxy S6 флагманының сатылымының төмен болуына қатысты пікір айту орынсыз. Себебі нарықтағы тұтынушылардың қызығушылығы енді оянып келеді.
Ұқсас жазбалар:
Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді
Samsung Galaxy S6: Жаңа флагмандағы өзгерістер