Танымал блогер, отандық "Бір болайық" бағдарламасының экс-жүргізушісі Қамила Саяновна ерекше гендер пати жасап, болашақ перзентінің жынысын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бул туралы блогер Желідегі парақшасында бөлісті.
"Мен білдім жынысын. 1 ай жылап өткізген түндер нәтижесінде біліп қойдым. Қызық болса келесі постта айтып берейін қалай болғанын.
Негізі гендер пати жасамаймын деп жүргенмін, командам ұйымдастырып берді.
Мұнымен не айтқым келді? Басымнан өткен жағдайдан кейін түйгенім: ең бастысы сау бала болсын болсын, жынысы маңызды емес. Салиқалы ұрпақтан болсын. Аллаға мың шүкіршілік", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары әсерлі көрініске жылы лебіздерін жазған.
"Сендерге туа беру керек. Тәп тәтті балапандарың, әдемі ботақандар шығады", "Аман-есен босанып ал, бізге де жұғысты болсын", "Камилага кездесіп Әлекеңнің жолы болды-ау", "Аллам аман-есен қолыңа алуды нәсіп етсін, мағанда жұғысты болсын", "Мықты әйелден ұл туады", "Дені сау болсын, маған жұғысты болсын!", " Аллаға шүкір 4 ұлым бар, әкесімен 5 ұлдың ортасында жүрмін ханшайым болып", "Ками, құтты болсын, Алла салихалы ұрпақтардан қылсын", - деп пікір қалдырған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Бесеудің хаты» кімге жазылды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!