Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық қыз өлі табылды

Биыл қазан айының аяғында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған. 

Бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, шашы қара түсті ұзын, көзі қоңыр.

Ол сұр пальто, қара шалбар, қызыл жолақтары бар көк кроссовка киген.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда некесін қиған күні кісі қолынан қаза тапқан жігіттің ісіне қатысты облыс әкімінің жауап бергенін жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!