- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір ауыз "қош...
"Бір ауыз "қош демей" кеттің". Меруерт Түсіпбаеваның жантебірентерлік жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті
Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева өмірден өткен бауырына әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, бауыры 18 жыл бұрын өмірден өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кейде адамдар алдын болжауға асығып, балшы- балгерге жүгінеді. Пенде ертеңгі күнін білуге неге асығады?! Уақыт онсыз да жүйрік екен. Міне, СЕН бізге бір ауыз “қош демей” беймәлім әлемге кеткелі атпалдай 18 жыл өтіпті, Біржан… Бүгін сол күндерді есіме алып , саған хат жазып отырмын, бауырым. Басымызда жай түскендей, сенер - сенбесімізді білмей, артыңда жоқтап қалған едік. Ауылдан өзім алып келгендіктен, үлкен қаланың заңы басқа, абай бол деп, ақылымды айтып, кейде ұрсатынмын. Жол апатына түсті дегенде, қазір жазылып шықсыншы, быт - шытын шығарамын деп ойлағанмын. Бірақ, олай болмады. Сен қайтты дегенде, еңіреп тұрып…. Саған қатты ренжідім. Мен талай айттым ғой, абай бол деп?! Неге тыңдамады? Бізді сонша қинап қайғыға батырды, деп. ( ақымақпын ғой) #құдайбасқасалмасыншы. ”Жас едім, момын едім …. “ деп Мұқағали жырлағандай, жас едім, мен өлсе бөтен адамдардың туыстары өледі, менің туыстарым аман жүреді деген сеніммен жүріппін. Адамның өмірі бір -ақ сәтте өзгеретінін білмеппін. Сен кеткелі, шүкір, басымыз бүтін, біреуден oзып біреуден қалып, өкінішпен үміттің жетегінде жүрміз сол. Кеткеніңе көпке дейін сенегісі келмей, қабырғасы қайысқан, соңыңнан ерген Тәттімбет бауырың, қазір үй салып, ағаш егіп, 3 ұлды өсіріп отырған абыройлы азамат. Көпке дейін, сенің қайда кеткеніңді түсінбей, Біржан аға біздің үйге неге келмейді деп, артыңнан іздеу салған, Дархан, Даурен, Қуаныш , Дарын, Бекжігіт, Нұрғисалар да ержетті…. Біреуі әскерде, біреуі қызметте, біреуі үйленіп, балалы болып, енді біреуі шетелде білім алуда…. Жыл сайын сенің туған күніңде, дастархан жайып, жақынындарды жинап, құран оқытатын анаң да дін аман…. Қартайды бірақ… Соңғы кездері “Балаларымның алдында ала гөр”- деп Аллаға көп жалбарынады. Біржан, сен тым ақкөңіл едің! Нағыз, жалғыз атын сойып, жүгенін ұстап қалатындардың қатарынан едің. Бір күні, сұрағандардың бәріне ақшасын тарата беретініңді естіп қалып, жалақы карточкаңды тартып алғаным есімде. Қатал болсам, кешір мені… Сенің сонша ерте кететіңді білмедім ғой…", - деп жазды әнші.
Желі қолданушыларына әншіге қолдау білдіріп, пікір жазды. "Жылап отырып окыдым, жаны жаннатта болсын", "Жылаттың ғой,Меруерт😢езіп жібердің жүректі", "“Мен талай айттым, абай бол деп…”😢😢😢 таныс күй… ", "Сондай кереметсің, Меруерт! Иманы жолдас болсын! Бағыштап оқытқан құраның қабыл болсын!" деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы