АҚШ-тың Айдахо штатындағы америкалық Андердальдар отбасында 1914 жылдан бері ылғи ұл балалар дүниеге келген, − деп хабарлайды Fox News телеарнасы.
Аурелия Мари Эннон 12 сәуірде дүниеге келді, ол төрт ұрпақ жалғасынан бері алғашқы қыз бала болды. Әкесі Скотт Андердальдың айтуынша, ол отбасындағы қыздарының түр әлпетінің қандай болатынын енді біліпті. "Кішкентай Аурелияның мұрны атасына ұқсаған",− дейді ол.
Биылғы наурыз айында Йель университетінің ғалымдары адам баласының жынысы мен басқа сүтқоректілердің жынысы олардағы бір жарым миллион жыл бұрынғы тіршілік иелерінің осы түрінің генімен келген вирустар арқылы анықталады деп болжады. Nature басылымының мәліметінше, эмбрионның ағзасы Х-хромосомалы эндовирусты "өшіре" алады (соның нәтижесінде жыныс анықталады). Егер молекулярлы маркердің деңгейі қалыпты болса, Х-хромосомалары өздерінің белсенділігін сақтай отырып, ер адамдар да, әйелдер де бірдей пропорцияда туылады. Егер маркер тым көп болса, Х-хромосомалары "басылып қалады", содан ер адамдар әйелдерге қарағанда екі есе артық туылады.
Дереккөз: tengrinews