Бір аптада 7 көлікті тонаған ақтөбелік ұсталды

Полиция бір аптада жеті көлікке ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады​, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

​Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады. Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерге ұрлыққа түскен.

Күдіктінің көлік құралдарынан жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жігіт ұялы телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған.

​Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.
​Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!