- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір Алла біледі,...
"Бір Алла біледі, үміттеніп отырмыз". Сазгер Жарылқасын Дәулет денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді
Сатирик Жарылқасын Дәулет денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз енді қазақтар жүре береміз ғой. Ковид кезінде вирус жұқтырдым, содан тізем одан бетер ауырып, бір-бірін қажап жіберіпті. Содан кейін операция жасатқанмын. Операцияда инфекция түсіп кеткен. Себебі оның алдында мен уколдар салдыра бергенмін. Қайта-қайта өзім деп емдету дұрыс емес екен. Хирургиялық ауруларда өзің емдеу болмайды екен.
Операциядан кейін инфекциямен шыққанмын. Сосын ол қозып кеткен. Алты айдан кейін қайтадан жасаттым (операция-еск.). Астанаға бардым. Енді бір Алла біледі, үміттеніп отырмыз", - дейді сазгер "Мархабат" бағдарламасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Жарылқасын Дәулет - ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, сатирик, бірнеше хит әндердің авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина