Жансая Махабаева есімді блогер танымал кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы - 700 мың теңге.
Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы - 228 мың теңге.
Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы - 263 мың теңге.
Белдігі The Row брендінен, бағасы - 275 мың теңге.
Қолғабы Fendi брендінен, бағасы - 350 мың теңге.Ал енді ең қызық жері - әшекейлердің бағасына көшейік.
Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы - 70 миллион теңге.
Алқасы да осы топтамадан, бағасы - 95 миллион теңге.
Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі - 57 миллион теңге, ал екіншісі - 21 миллион теңге.
Сақинаның бағасы - 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі - 5 миллион 300 мың теңге.
Сонымен, барлығы - 259 миллион 616 мың теңге", - деді блогер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Еңбек демалысының ақшасы қалай есептеледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!