"Бір адамнан келген гүл шоқтары". Жанар Айжанова жақсы жаңалығын бөлісті

"Бір адамнан келген гүл шоқтары". Жанар Айжанова жақсы жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova/

Танымал әнші Жанар Айжанова отбасындағы жақсы жаңалығын мақтанышпен жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Айжұлдызымды қатты жақсы көретін бір адамнан келген гүл шоқтары. Рахмет! Айжұлдыз Адайбекова қызым маған тартқан сұлу ғой шіркін", - деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Еске сала кетейік, жақында Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі кім екенін жариялаған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева
Logotype Massaget