- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір адамды емес,...
"Бір адамды емес, бүкіл елді алдап отыр". Майя Бекбаева Бишімбаевтың ісіне қатысты өткір айтты
Танымал тележүргізші Мая Бекбаева әйелін аяусыз ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты өткір айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Бишімбаев ісіне қатысты пікірімді айтпай қала алмаймын, өйткені Қазақстан мұндай бір адамның театрын көрмеген шығар. Оның бұл әрекетінің себептері де белгілі болды, ол кешегі сот отырысын неліктен үзіп, бүгінге қалдыруды сұрады? Ол Салтанат туралы айтқан, марқұмды қаралайтын мәліметтері тыңдармандардың санасында орнығуы үшін жасады. Әрине, ол - білікті манипулятор және ол бір адамды ғана емес, бүкіл елді алдап отыр. Бүтіндей бір елге газлайт жасап отыр, ақты қараға айналдырып, бәрін төңкеріп отыр. Оның бұл манипуляциясы іске асуы мүмкін, өйткені ол біздің қоғамдағы ең ауыр жараға басып отыр. Бұл - әйелдерге деген менсінбеушілік және біздің қоғамның бәріне әйелдерді кінәлауы. Бірақ егер ол жазасын абайсызда өлтіру үкіміне ауыстырып, жеңіл жаза арқаласа, онда біздің әділеттілігіміздің құны жоқ", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек