Алған жалақыңызды есепсіз жұмсап, жеткізе алмай жүрсеңіз, бюджетіңізді бақылауға алудың уақыты келді деген сөз. Осылай ғана сіз ақша үнемдеп, керегіңізді ойланбай сатып ала аласыз. Көк қағазға қарым-қатынасыңызды қарапайым күнделікті әдеттер арқылы өзгерте аласыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WH-қа сілтеме жасап.
Күн сайын кіріс пен шығынды есептеп, жазып отырыңыз
Көбінесе қаржының көп бөлігі ұсақ, көзге көрінбейтін заттарға кетеді. Мысалы күн сайын таңертеңгі кофе, дайын тамаққа тапсырыс беру, дүкенге ойланбай бару. Егер сіз күн сайын барлық шығынды жазып отырсаңыз, бюджетіңіздің көп бөлігі қайда кетіп жатқанын түсініп, маңызы төмен болса ол заттан бас тартып, үнемдей аласыз.
Шығынды жоспарлаңыз
Айдың басында міндетті және тұрақты ағымдағы шығынды жазып отырыңыз. Оларды 5 бөлікке: әр аптаның жұмыс және демалыс күндеріне бөліңіз. Жексенбі күні жоспарлаған қаражаттан асып кетпедіңіз бе соны есептеп, ертеңгі күнді де ойлап отырыңыз. Қаржыны әрдайым есептеу қызықсыз көрінгенімен, сізге әкелер пайдасы көп.
Жалақы алған күні ақша жұмсамаңыз
Көптеген адам жалақы алғанда бүгін менде ақша бар, өзімді еркелете аламын деп босаңсиды. Кейде біз кіріс алған күні шоппинг, мейрамханадан тамақтану, өзімізді қуантуға жұмсалған ақшаның кесірінен айдың соңынды жайлы өмір сүруіміз қиындап жатады.
Сондықтан жалақы түскен күні жаңа зат сатып алудан бас тартуға тырысыңыз. Бұл сізге жаңа әмиянның қажет не тағы біраз күтуге тұрарлық екенін шешуге көмектеседі.
Ас мәзір жасаңыз
Соңында қоқысқа кететін артық өнім - қазіргі заманның нағыз қасіреті. Олар экологияға да, отбасылық бюджетке де кері әсер етеді. Көбінесе адамдар азық-түлікті тым артық мөлшерде алып жатады. Нәтижесінде тоңазытқышта қурап қалған көкөніс, ірімшік, жарамдылық мерзімі өткен сүт қалады. Егер сіз 1 айда тастаған азық-түлікке қанша ақша кеткен3н есептеп, оны 12 айға көбейтсеңіз, нәтижесін көріп өзіңіз де таңғаласыз.
Бір аптаға арнайы жасалған ас мәзірі мұндай шығынға жол бермейді, осылайша сіз артық өнім сатып алмайсыз, барлығы тұтынылады.
Шотыңызды тексеріп отырыңыз
Кейде артарлықтай сома негізсіз шығынға кетеді. Сол себепті ақылы жазылымдарды үнемі тексеріп отырыңыз, мысалы жылына бір рет ұялы байланыс пен үйдегі интернет жоспарын қарап шығыңыз. Акцияларға назар аударсаңыз, мүмкін тиімді ұсыныс табасыз.
Сыртта тамақтанудан бас тартыңыз
Жоқ, мейрамханаға барудан мүлде бас тартудың қажеті жоқ. Бірақ сіз мұны әдетке айналдырмауыңыз керек. Бір апта бойы тамақты үйден ішіп, кафеге бизнес-түскі асқа бармай, өзіңізбен бірге кофе сатып алудан бас тартсаңыз, үнемделген ақшаның мөлшері болашақта сізге пайдасын тигізуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін экономист ақша жинаудың ең тиімді әдістерін атаған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлеуметтік желіге тәуелді адамның белгілері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!