- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бойлары түзеліп, құлпырып,...
"Бойлары түзеліп, құлпырып, жақсарып келеді". 17 жыл құлдықта болған қыздарға журналист сыйлық жасады
17 жыл құлдықта болған қыздар Құндыз бен Назгүлге журналист Руслан Өтепбай жаңа жылға сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Жексенбі күнді пайдаланып, қарындастарымды жаңа жылдарымен құттықтап қайттым! Себебі бұл жыл Назгүл мен Құндыз үшін ерекше жыл! Мерекеге орай екі қыздың қос құлағына алтын сырға тағу бұйырды Қарындастарымыздың қара басы алтыннан да ардақты болсыншы! Қыздарға сырғалары жарасты ма?", - дейді журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Руслан Өтепбайдың оқырмандары журналистің бұл әрекетіне тәнті болған.
"Алла жар болсын қыздарға! Руслан әр ана сендей ұлды армандайтын шығар! Сен Назгүл мен Құндызға нағыз аға болып жүрсің!"
"Қиындық пен қорқыныштың бәрі артта қалсын. Қыздардың жаңа өмірі, болашағы жарқын болсын! Жақсы өзгеріп қалыпты. Аллаға шүкір! Руслан мырза, сізге Алла разы болсын! Рахмет!"
"Шүкір бойлары түзеліп, қыздар құлпырып, жақсарып келеді. Алла разы болсын Сіздерге"
"Өңдері жақсарып қалыпты. Бірақ әлі батылдық жоқ. Сізге Алла разы болсын Руслан мырза. Қарап жүрген қызға да рақмет"
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина