"Бойжеткенді зорламақ болған": Грузиядан қазақстандық экстрадицияланды

Грузиядан қыз зорлауға оқталғаны үшін сотталған адам елге экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Сот ер адамды кінәлі деп таныған, алайда сотталған адам үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!