2026 жыл - Жылқы жылы. Нумеролог Құралай Бақыт Jibek Joly телеарнасының "Bugin LIVE" бағдарламасында бұл жыл қоғамға да, адам өміріне де тың серпін әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, 2026 жылдың саны - 1. Ал "1" жаңа бастаманы, алға қадам басуды, қозғалысты білдіреді. Сондықтан келесі жылы адамдар тәуекелге жиірек барып, шешімді тез қабылдауға бейім болады. Нумеролог 2026 жылды шартты түрде ғылым, спорт және IT салаларының жылы деуге болатынын атап өтті: автоматтандыру, жасанды интеллект, логикаға негізделген бағыттар қарқын алып дамиды.
Сонымен қатар, Құралай Бақыт 2026 жылдың стихиясы от екенін айтты. Бұл - жылдамдық пен ірі өзгерістердің белгісі. Сол себепті әлемде де, Қазақстанда да түрлі үдерістер ширақ әрі қарқынды жүруі ықтимал. Егер 2025 жылы шығармашылық пен шоу-бизнес белсенді болса, 2026 жылы спорт пен денсаулық алдыңғы орынға шығады.
Нумерологтың пікірінше, көпшілік дұрыс тамақтануға, спортқа, жалпы денсаулыққа көбірек мән бере бастайды - бұл жылдың басты плюстарының бірі.
Ол жылдың екінші жартысы отбасы құруға қолайлы екенін, ал алғашқы айларда асығыс шешім қабылдамау керегін ескертті. Бойдақтар үшін 2026 жыл жеке өмірде жағымды өзгерістер әкелуі мүмкін.
Айлар бойынша болжамы да бар:
Туған жылдарының соңғы санына қарай нумеролог мынадай жорамал ұсынды:
Құралай Бақыттың айтуынша, 2026 жылдың түсі де от стихиясына сай - қызыл.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!