- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ботокс жасатқаныма өкінемін"....
"Ботокс жасатқаныма өкінемін". Гүлзира Айдарбекова жас көрінуінің сырын айтты
Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы бет күтімі туралы айтып, жас көрінудің құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
YouTube желісіндегі "Әсембике" бағдарламасында танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бет күтімі туралы айтып берді.
Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Асанберді Гүлзира Айдарбековадан "Сіз өте жас көрінесіз, әдемі болып жүресіз. Өзіңізді қалай күтесіз?" деп сұрады.
"Бетіме көбіне массаж жасатамын. Массаж кәдімгідей бетімді тартып тастайды. Жақсы әсер етеді. Әжімдерімді кетіреді. Уколдан қатты қорқамын. Өйткені осыдан 5-6 жыл бұрын ботокс саламын деп біраз мимикаларым өзгеріп кеткен. Одан кейін бірден тоқтаттым. Ішектер арқылы бетті тазартып, дақтарды кетіретін, денсаулықты түзеуге көмектесетін компанияның өнімдерін қолданамын", - деп жауап берді продюсер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева