Саңырауқұлақ инфекциясының жұғуына басқа біреудің аяқкиімін кию, бассейн және саунада жалаң аяқ жүру себеп бола алады. Инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керек? Бұл сұраққа подолог Мария Николаевна жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Негізі егер адамның аяғы сау болса, бассейнде жалаң аяқ жүргеннен инфекция жұқтырмайды. Ал егер тырнақ пластинасының созылмалы жарақаты немесе басқа да ауру болса, қауіп жоғарылайды.
Инфекцияны кез келген жерде жұқтыруға болады, алайда бассейн немесе саунаға баратын кезде аяққа арнайы спрей жақсаңыз, тері бетінде қабық пайда болып, аяқ пен тырнақта жарақат болған жағдайда да, инфекция теріге еніп, таралмайды. Маманның айтуынша, аяқ күтімі тіс тазалау секілді күнделікті, қалыпты іс болуы керек.
"Алайда, аяқ күтімі деген түсінікті білмейтін де адамдар бар. Егер бассейн немесе саунаға барып, жалаң аяқ немесе біреудің аяқ киімін киіп жүрсеңіз, үйге келген бойда міндетті түрде аяқты жақсылап жуып, саңырауқұлақ ауруларының алдын алуға көмектесетін косметикалық құралдарды жағу керек", - дейді подолог.
Мария Николаевна мұндай құралдарды жүйелі түрде қолданып тұру керегін еске салды, өйткені аяқтың терісі мен тырнақ тақтайшаларындағы саңырауқұлақ ауруларын емдеу гигиена мен аяққа күтім жасаудан гөрі әлдеқайда қиын және қымбатқа түседі.
Айта кетейік, бұған дейін 8 жыл бойы жалаңаяқ жүрген адамның қазір денсаулығы қалай екені хабарланған болатын.
Беннің айтуынша, бұл тәжірибе оған тек пайда әкелді.
Біріншіден, оның аяғы күшті бола түсті. Бұлшықеттер қатайды, енді ол әлдеқайда ұзақ жүре алады және мүлдем шаршамайды.
Екіншіден, оның аяғы жалпақ бола түсті.
Үшіншіден, оның аяғы қазір терлемейді. Жазда ыстықта жүргенде де, ер адам жабысқақтық немесе ылғалдылық секілді жағымсыз сезімдермен қиналмайды.
Оның тағы бір артықшылығы: ол буындар ауыруын ұмытты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Басқа операторға ауысқанда нөмірді сақтап қалуға бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!