- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Босқын статусын беруді...
"Босқын статусын беруді сұраған". Сот БҚО-ға қашып келген ресейліктің өтінішін қанағаттандырмады
Сот Ресейден қашып келген ер адамның өтінішін қайта қараудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Ресей азаматы Игорь Санджиев былтыр мобилизация кезінде келген. Ал 2023 жылы наурызда ол әскери бөлімнен қашып, Оралға келген. Ер адам Қазақстанда босқын статусын беруді сұраған. Себебі ол Украинадағы соғысқа қатысқысы келмейтінін, бейбіт тұрғындарды өлтіргісі келмейтінін айтқан. Алайда БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ер адамның өтінішін қараудан бас тартқан.
Игорь Санджиев пен Юрий Кобзарев басқарманың шешімімен келіспей ведомствоны сотқа берген. Олар басқарманың заңсыз шешім қабылдағанына сенімді және соттан оның күшін жоюды және оң шешім шығаруды міндеттеуді сұрады. Алайда, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот істі өндіріске қабылдаудан бас тартты, өйткені Игорь Санджиев мемлекеттік бажды төлемеген. Санджиев оны төлеуі үшін оған ЖСН берілуі керек. Ал ЖСН алу үшін төлқұжат қажет. Санджиевтің құжаты Ресейдің әскери бөлімінде қалып қойған екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина