Бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев Парижге бармақ. Бұл туралы "Қайрат" клубының баспасөз қызметі өкілдері жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Клубтың мәліметіне сүйенсек, Боранбаев УЕФА-ның 48-ші конгресіне де қатысады.
"УЕФА Әділ ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің екінші вице-төрағасы қызметін атқаратын, сондай-ақ, УЕФА Балаларға арналған қорының басқарма мүшесі Боранбаев Қайрат Советайұлы ресми шақыру алып, УЕФА-ның 48-ші конгресі мен Парижде өтетін УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаны хабарланды.
Кейінірек кәсіпкер жаңа сот процесінде фигурант болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!