Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының психологы Гүлмира Сәдуақасова күйзеліспен күресудің жолдары, тәсілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшы оның босанғаннан кейін 2 аптадан соң пайда болуы мүмкін екенін және кейбір жағдайларда бірнеше жылға созылатынын айтты. Бала дүниеге келгеннен кейінгі гормоналды өзгерістер, күйзеліске бейімділік және жақындарының жеткіліксіз қолдауы бұл жағдайдың дамуына әкеп соғады.
"Бұл аурумен ауыратын науқастардың көпшілігінде оған бейімділік бар: тұрақсыз психоэмоционалды жағдай, бұрын болған депрессиялық эпизодтар, бақыт, рахат және қанағаттану гормондары - серотонин мен дофамин бөлінуінің азаюы", - деді сарапшы ӨКҚ-да өткен брифингте.
Уақытылы диагноз қойылмаса немесе емделмесе, босанғаннан кейінгі күйзеліс өзгеріп, басқа мәселелер пайда болуы мүмкін.
Симптомдардың ауырлығына байланысты босанғаннан кейінгі күйзелістің үш нұсқасы бар:
- Беби-блюз - көңіл күйдің түсіп кетуі және екі апта ішінде өтетін эмоционалды тұрақсыздық.
- Клиникалық күйзеліс - өзіне және балаға қамқорлық жасай алмайтын жағдай, бұл кезде маманның кеңесін қажет етеді.
- Психоз - шынайы өмірмен байланысын жоғалтуға және суицидтік ойларға әкеп соғатын, сирек кездесетін ауыр ауру.
Сарапшы психологтың немесе психотерапевтің көмегі ауыр зардаптардың алдын алатынын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова