- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Босанған сайын жасарып...
"Босанған сайын жасарып барасың!" 40 жастан асқанда балалы болған танымалдар кімдер?
Finprom.kz барлау басқармасының 2021 жылғы деректері бойынша, туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 229 ел ішінде 105-орынды иеленген. Қазақстанда 10 мың адамға орта есеппен 164 нәрестеден келеді екен. Танымал өнер адамдары да Қазақстан демографиясының өсуіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Massaget.kz 40 жастан асқанда босанған танымал аналар кімдер екеніне шолу жасап көрді.
40 жастан асқанда босанған танымалдардың бірі - тележүргізуші Айгүл Мүкей. Ол былтыр ұлды болған еді.
"Ұлды болдым. Аллаға шүкір! Бүгін сағат 12.19-да дүниеге тағы бір батыр келді... Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты...
Әлі өз-өзіме келе алмай жатырмын...
Ербол Әубәкіровке шексіз алғысымды білдіремін...Сіздерге де, жылы сөздердіңіз, лебіздеріңіз үшін көп рақмет, достар... Аллах разы болсын!" - деді тележүргізуші.
46 жасында босанған журналистің бұл - үшінші баласы. Оның одан бөлек Асанәлі есімді ұлы мен Хабиба есімді қызы бар.
aigulmukei Instagram-парақшасынан
Айгүл Мүкейдің қуанышына ортақтасқан Салтанат Бақаева, Динара Сәтжан, Маржан Арапбаева және Тамара Асар оны Желіде құттықтап, пікір қалдырған.
Сондай-ақ, оның қалай босанғанын сұрағандар да табылған:
"Өзіңіз босандыңыз ба, әлде кесарь тілігі ме?", "Бауы берік болсын! Маған да Ербол Мұрсалұлы кесарь тілігін жасаған, қолы жеңіл, кесарь тілігінен кейін бірден тұрдым, ауырмады", - деп жазған Желідегілер.
2020 жылы танымал өнер жұлдызы Қыдырәлі Болманның отбасында да қуанышты оқиға болды. Қарақат Әбілдина Аяла есімді қызынан кейін 43 жасында тағы бір қызды дүниеге әкелді.
"Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді...
(...) Биыл бүкіл әлем, еліміз күтпеген дертпен алысып жатқанда, аяулы анам мәңгілік сапарына аттанды.. Жүрегім езіліп, қиналған сәттерімде "Қақатым" деп Қыдекем бір жағымнан, екінші жағымнан "анашым" деп ұл-қызым, үшінші жағымнан "сағың сынбасын" деп халқым жұбатты. Сол жұбаныш, мінекей, қуанышқа ұласып жатыр.
Әр шаңыраққа дәл осындай бақыт тілеймін. Сәбиімді құшағыма алып, "әрбір ана жөргек иісін құшырлана иіскесін" деп тілек бiлдіремін.
Ағаларының еркесі, Аялеканың ізінен еретін сәбиімнің ұйқысы тыныш болсын. Құттықтауларыңызға көп-көп рақмет, ризамын! - деп жазды әнші 2020 жылы қыркүйекте.
karakat_a Instagram-парақшасынан
Желідегі оқырмандар бұл жаңалыққа таңданыстарын жасыра алмаған:
6 бала... мықты.
Бауы берік болсын! Кеше ғана шайқап билеп жүр еді ғой.
Босанған сайын жасарып барасың, құтты болсын, бауы берік болсын!
Мәссаған, бір жылап алдым ғой. Бауы берік болсын!
Мықты әйел екенсіз. Бақытты болыңыз.
Естігенде шок болдым, жүкті екеніңізді білмедік те, карантиннің пайдасы, бауы берік болсын!
Әншінің өзі де бұл жайт көпшілікті таңғалдырғанын жасырмады.
"(...) Мендегі жаңалық біраз адамды таңғалдырған сияқты. Карантинде ешқайда шықпай үйде отырдық, көпшілік білмесе білмеген де шығар. (...) Биыл өзі қайғы мен қуанышы аралас арпалысқан жыл болды ғой. "Бір қиыншылықтың соңынан - жеңілдік, бір жамандықтың артынан жақсылық келеді" деген, аяулы анашымның орнына үмітімді ұлғайтып, жаратушы ием қызбен сүйіншіледі. Аялёкам жалғыз болмаса деген тілегіміз қабыл болды. (...) Алтыншы сәбиімді тосып жүрген әдемі кезімнен естеліктерді лентама салып қояйын. Кім біледі, біраз келіншектің бөпе сүйюге ниеті ашылып, қазақтың саны көбеюіне кішкене болса да себепші болып қалармын", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
karakat_a Instagram-парақшасынан
Былтыр Тамара Асар 45 жасында қызды болды. Оның Қамбар есімді жалғыз ұлы бар еді. Әнші түс көргенін, түсінде Қарақатты, оның анасын көргенін, бұл бекер емес екенін жазған.
"Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым. Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне, жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… "Мен де… Шын ба?" дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт етті…
Өмірге бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға", - деді ол.
tamara_assar_official Instagram-парақшасынан
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желіде оқырмандар әншінің бұл жаңалығына тілектестігін білдірген:
Қандай керемет жарасады екіқабат болған...
Бауы берік болсын. 11 тамызда ішіңіз жоқ, содан қалай тудыңыз? Таңғаламын.
Бұл кісі қаншада? Жасы келген секілді еді ғой.
Сіз батыр екеніңізді тағы да дәлелдедіңіз, Тамара апа. Кішкентай тілекшіңіздің бауы берік болсын!
Отбасыңыздың ырыс-несібесін Аллам арттыра түскей!
Тағдыр енді сізді ешқашан жылатпасын, сұлу әйел!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2019 жылы Жазира Байырбекова екінші перзентін дүниеге әкелген еді. Әнші 22 жылдан кейін босанып отыр, өнердегі жұптың Қазыбек есімді тұңғышы бар.
"Бірнеше ай бұрын отбасымызда болған қуанышымызды бөлісуге әкемізден бүгін рұқсат алдық!", - деген еді әнші жазбасында.
zhazira_bairbekova Instagram-парақшасынан
Желідегілер әншінің қуанышына ортақтасып, түрлі пікір қалдырған:
Басында сенбедім, қазір сеніп отырмын.
Құтты болсын, балапаныңыз бауы берік болсын. Алла тілегіңізді қабыл етіпті. Сіздер үшін өте қуаныштымын.
Бауы берік болсын! Артынан ере берсін!
Жазира сіңілім, жаңалығыңа қатты қуандым, ішімнен қызды болса екен деп тілеуші едім. Бауы берік болсын, көзқуаныштарың атына заты сай Дара қыз болып өсе берсін!!!
Ал әнші Дильназ Ахмадиева 2020 жылы, 39 жасында дүниеге ұл бала әкелген еді.
"Құттықтауларыңызға рақмет! Ұлымыз осы елдің азаматы! Құттықтаулар қабылдаймыз! Бұл біздің бірге істеген ең жақсы нәрсеміз", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
dilnaz_akhmadiyeva Instagram-парақшасынан
Айта кетейік, жақында ғана актриса Жәния Джуринская да ана атанған еді. Ол 32 жасында тұңғышын дүниеге әкеліп отыр. Қуанышты жаңалықты жұбайы шоумен Данияр Хизметов Instagram-парақшасында жазған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек актриса қызына қойған "Софи" деген есімді жасөспірім кезімнен бері армандағанын айтқан еді.
djurinskaya Instagram-парақшасынан
Сондай-ақ, танымал әнші Мақпал Исабекова да жақында ғана ана атанған еді. Ол 38 жасында босанып отыр.
"Алланың қалауымен ата-ана атандық, ұлымыз дүниеге келді, Машаллах. Жаратушымызға сансыз мадақтар", - деді ол.
Ж. Қадыржанова