- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Босанған әйелдің рационы...
Босанған әйелдің рационы қандай болуы керек?
Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында босанған әйелдің рационы қандай болу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, босанған әйелдің рационында ақуыз, май және минералды тұздар мен дәрумендер болуы керек.
Ақуыз — ана сүтінің құнарлы болуына, әрі балаға қажет ферменттер, гормондар және иммундық денелерді құрауға жәрдемдеседі. Ақуызы мол өнімдер⠀жайлы мына жерден оқыңыз.
Май — баланың жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолының жұмысының дамуы үшін қажет. Кейбір сапалы майлар ана сүті арқылы арқылы баланың иммунитетін қалыптастырып, патогенді бактерияларға қарсы жұмыс жасайды. Ал сфинголипид деп аталатын майлар ми нейрондарының дамуына көмектеседі. Бұған дейін омега май қышқылдарын қай тағам түрінен алуға болатынын жазған болатынбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Баланың саулығы — ана сүтінен басталып, алғашқы тамағының дұрыс басталуымен жалғасады", - деп жазды Лаура Сейітбек.
Денсаулыққа пайдалы сүйек сорпасын қалай дайындау керек? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова