Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде босанғаны туралы тараған қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Әншінің оқырмандарының бірі оған босанғаны туралы сұрақ қойды. "YouTube-те сүйінші сұрап жатыр ғой. Ерке босанды деп. Аллам жеңілдігін берсін! Жеңіл толғақ берсін!" деп жазған оқырман.
"Иә, соны көрген туыстарым хабарласты ғой, рас па деп. Ерінбейді екен сондай жасайтындар. Не деп жатыр, қыз ба, ұл ма?" - деп жауап қайтарды өнер иесі.
Сондай-ақ ол балаға әлі кіндік әке-шеше таңдамағанын айтты.
"Осыны кеше ғана ойлап едік. Білмей тұрмыз әлі", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз