- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бос сайрағым келмеді"....
"Бос сайрағым келмеді". Дина Төлепберген 13 жыл жүргізген бағдарламасы туралы айтты
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізу үшін Астанадан қоныс аударғанын айтты. Ол бұл туралы Желідегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кезінде, Астарлы ақиқат үшін менің Астанадан қоныс аударғанымды біреу білсе, біреу білмес. Үкімет, Парламент, Ақ үйден ақпарат таратып, кілең ақ жағалылармен сұқбаттасқан Динаның кенет Алматыға көшіп, тұрмыстың азабын тартқан, әлеуметтік жағдайы ең төмен деңгедегі қоғамға бет бұруын тіпті менің ата-анам түсінбеді.
“Өсетін бала Астанаға қарай жүгіреді, ал сен керісінше, не істеп жүрсің?” деген жәйт жиі айтылды. Мен саясатта жүріп, сол кезде түк тындыра алмайтынымды түсіндім. Бос сайрағым келмеді. Ал мұнда, күніге, тым болмаса бір адамға көмек берсем, демек бекер жүрмегенім деп түсіндім.
Тек қайғылы тақырып емес, сол уақыттың "актуалды" мәселелерінің шырмауын шештік.Бұл студияда тек мәселе емес, сонымен қатар "Болар бала", "Таныссыз танылғандар" сынды көптеген мотивациялық проекттер де жүзеге асты.
Ағылшынша кетпейін деп шештім. Ізбасарымды таныстырып, тарихты айттым. Өйткені өткенді білмей, алға басу мүмкін емес.
Рас, ортанның гүлі болып, студияда қонақ болып тұру ерек сезім екен. Қаншама жылы лебіз естіп, командамның, қонақтарымның қимастықтан төгілген көз жасын көрдім…
Шәкірттерім соңында осындай әдемі өлең жолдарын арнады:
"Лайықты ең керемет сыйға сірә,
Айналған әз халқымның сыйласына.
Көрермен алғыстарын білдіреді,
Қазақтың Төлепберген Динасына!""Маған да оңай емес, бірақ әр нәрсенің соңы болады"❤️
29-қаңтар күнгі эфирді бірге көрсек?
Сағат 20:00 КТК арнасы, ұмытпайсыз ғой, иә?!", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Еске салайық, бұған дейін Дина Төлепберген "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқанын мәлімдеген болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісінің балы мен магнитудасының айырмашылығы неде?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә