Шымкент 2025 жылдың соңғы айларында әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағытында бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
18 қарашада "Көрме" орталығында "Еңбек – өмірдің тұтқасы" бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 700-ден астам азамат қатысып, 105 тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Сонымен қатар:
Жәрмеңкеде мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 60 жуық кәсіпкер өз өнімдерін таныстырды, ал пробация қызметінде тіркелген, мүгедектігі бар және борышкер азаматтарға тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.
Әлеуметтік салада Мансап орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен әлеуметтік келісімшарттарды іске асыруда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 546 жеке кәсіпкерде 1 208 азамат 85 000 теңге айлықпен жұмыс жасап жатқаны анықталды. Алайда 314 жеке кәсіпкерде 545 азамат жұмыс жасамайтыны, 13 жұмыс берушіде 34 азамат өз жұмыс орындарында болмағаны анықталды. Аталған отбасыларға жалған мәлімет ұсынғаны үшін Заңнама аясында ШАК төлеуден бас тарту бойынша шешімдер қабылдануда.
Өткен аптада қалада 169 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде:
Алаяқтықтың басым бөлігі интернет арқылы жасалған. "Казтрансгаз қызметкеріміз" деген желеумен 200 000 теңге аудыртып алған жағдай тіркелді. Сондай-ақ, интернет-дүкендер арқылы есірткі саудасына байланысты заңбұзушылықтар тіркелген.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты арттыру, телефонға алаңдау, рұқсат етілмеген жерден өту және кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды ережесіз басқаруы. Тұрғындардан жол ережесін сақтау және балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу сұралады.
Қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынған. Оның:
Жұмыстар Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автожолы, Бәйтереков және Қазиев көшелерінің жалғасы бағытында жүргізілуде.
Қалада мәдени өмір де қарқынды дамып келеді. Алдағы мәдени іс-шаралар:
Спорт саласында да Шымкент абыройын асқақтатып жатыр. Жапонияның Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада Шадияр Пернеш 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, ал Рсалы Сабыржан 86 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын және 1 қола медаль – шымкенттік спортшыларға тиесілі.
Түркістан облысынан жеткізілетін жылқы етінің:
Апталық жәрмеңкелерде баға орташа 3 400 теңге. Картоп бағасы 200–270 теңге, "айналым механизмі" бойынша 180 теңгеден сатылып жатыр.
Қаладағы ауа сапасы "Қазгидромет" бекеттері арқылы бақылануда. Жоғары ластану тіркелмеген. 10 айда 29 тексеру жүргізіліп, 50 әкімшілік іс қозғалып, 37,6 млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындамауы жағдайында жұмыс уақытша тоқтатылды.
Шымкент қаласында әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қаланың дамуына үлес қосуға бағытталған.
Шымкент ІСБ ұсынған материал