Астана - Өскемен рейсіне жолаушыларларды отырғызу кезінде мас адам бортсерікке шабуыл жасады. Оған қоса жолаушы "бомба" деп айғайлаған. Бұл туралы рейстің басқа жолаушылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан Fly Arystan әуе компаниясының рейсі кейінге қалдырылды.
Көліктегі полиция департаментінде ақпарат расталды.
"Астана қаласының әуежайындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері іс-әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген Астана - Өскемен қатынасында 47 жастағы әуе рейсінің жолаушысын ұстады. Ол мас күйінде бортсеріктің іш аймағына соққы жасады және әуе кемесінен шығып бара жатқан кезде "бомба" деп айғайлап, жолаушылар мен экипаж арасында дүрбелең тудырды", - деп хабарлады полиция.
Полицейлер "бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша" қылмыстық іс қозғады.
Оқиғадан кейін ұшақ тексерілді: жарылғыш құрылғылар мен басқа тыйым салынған заттар табылмады.
"Мұндай мінез-құлыққа жол берілмейді және қатаң түрде басқарылады. Тасу құралындағы жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері үлкен қауіп ретінде қарастырылады және кінәлілер заңның барлық қатаңдығына жауап береді", - деді полиция.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та Хабиб Нурмагомедов ұшақтан түсірілгені туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!